БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

Бастауыш сынып, жаратылыстану пәні, адам, табиғат, оқыту әдістері, ойын элементтері.

Аңдатпа

Мақалада бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнін оқыту қажеттілігі,
маңыздылығы сипатталған. Жаратылыстану пәні оқушыларға жаратылыс әлемнің ғылыми
түсінігін, күрделі терминдерді меңгеруге дайындығын қалыптастырады және физика,
химия, биология, география пәндерінің бастамасын қалайды. Қоршаған ортадағы
жаратылыс заттары, әр түрлі құбылыстары, өлі және тірі табиғат, экологиялық мәселелер
туралы ғылыми түсініктер дамиды. Жаратылыстану бағытындағы білім адамның көптеген
күнделікті істейтін іс-әрекет түрлері үшін маңызды. Оқушыларда табиғи байлықтың мәнін
түсініп, оны орынымен, үнемдеп, тиімді пайдалану мүмкіндігі, икемділігі, шеберлігі,
бейімділігі білім мен біліктілік арқылы қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларына
жаратылыстануды оқыту үдерісінде игерілетін білімді және білікті саналы түрде қолдана
білуге, оқуға, жоба дайындауға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге машықтанып, олардың
дербестігін жетілдіруге бағыттайды. Қазіргі кезеңде оқушылардың белсенді іс-әрекет
арқылы өз бетімен білімді игеруі, сабаққа қойылатын басты талап. Оқу үдерісінде білімді
игертуде ойын элементтерін қолдану оқушылардың белсенділігін арттыруда қолайлы
болып келеді. Сабақтағы нақты оқу мақсаттарыан қол жеткізу кезінде ойын элементтері
пайдаланылады, нәтижеге қол жеткізу үшін сабаққа қатысты ойындар жоспарланады. Сабақ
барысында оқушылар ойын әрекетінде белгіленген нақты ережелерге бағынады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи