САРАЛАП БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕ КӨРНЕКІЛІК ПРИНЦИПІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

дифференциалды әдіс, тәсіл, танымдық, оқушы , оқытушы, саралау, оқыту технологиясы.

Аңдатпа

Мақала биология сабақтарында сараланған оқытуды қолдануға арналған,
барлық оқушылардың танымдық мүдделерін ескеруге, әр оқушыны оқытудың әдістерін,
құралдары мен формаларын таңдауда шектемей, оның күші мен қабілетіне қарай дамытуға
мүмкіндік беретін деңгейлік саралау технологиясы қарастырылған.
Сонымен қатар, орта білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан қайта құрылымдау
олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, оқушыларды табысты оқыту,
тәрбиелеу және дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға бағытталғаны
көрсетілген. Осыған байланысты бұқаралық мектеп жағдайында оқушылардың жеке
ерекшеліктері, олардың қызығушылықтары мен бейімділігі қарастырылды.
Зерттеу мақсаты-биология сабағында оқушылардың оқу-танымдық
қызығушылықтарын бақылау барысында олардың қалыптасу деңгейлерін анықтау. Зерттеуге
Шымкент қаласы, №6 мектебінің 8 сыныбының 2 тобы қатысты. Таңдалған сыныптар осы
зерттеудің дұрыстығын қамтамассыз ету үшін кездейсоқ түрде эксперименттік және
бақылау топтарға бөлінді. Биология сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық
қызығушылықтарының қалыптасу деңгейлері бойынша зерттеулер жүргізілді. Зерттеу
нәтижелері тест және сауалнама көмегімен талданады.
Осы зерттеуге сүйене отырып, саралап оқыту технологиясын сыныпта қолдану
оқушылардың оқу үлгеріміне оң нәтиже бері деп айтуға болады

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи