БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

функционалды сауаттылық, бейорганикалық химия, эксперимент, оқу әдістері, ақпараттық технология, жаңа технология, мәтіндік тапсырма, оқу бағдарламасы, ұзақ мерзімді жоспар, оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, креативті ойлау, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық.

Аңдатпа

Бұл мақалада біз орта мектептердегі бейорганикалық химияны
оқытудағы функционалды сауаттылықты арттылу жолдарын қарастырамыз. Оқушылар
білік пен білімді қолдана отырып заттың құрамы мен қасиеттері туралы салыстырмалы
мәліметтерге сүйене отырып түрлі әдістерді қолдану арқылы тапсырмалар орындап
өздерінің болашақта сыртқы ортамен қарым қатынас жасау қабілетін, өзгермелі өмірге
бейімделуі мен тиімді шешім қабылдауға мүмкіншіліктерін арттырады. Орта мектептегі
химия сабағын оқыту технологиялары мен оқушының қабілеттерін дамыту және кері
байланыс беру арқылы нұсқау көрсету жолдары қарастырылуда. Функционалдық
сауаттылыққа арналған тапсырмаларда оқу бағдарламасына, ұзақ мерзімді жоспарға
сүйене отырып тапсырмаларды тек қана ашық жауаптар түрінде ғана емес, оқу
сауаттылығы мен математикалық сауаттылығы, креативті ойлау және жаратылыстануғылыми сауаттылығын дамыту негізінде жасалуы көрсетіледі. Білім алушының өз
мақсатына жету, білімі мен мүмкіндіктерін кеңейту, қоғамдық өмірге қатысу үшін
жазбаша мәтіндерді түсіну және пайдалану, олар туралы ой елегінен өткізу және оқумен
айналысу қабілетін арттыру. Жаратылыстану-ғылымдарын тану және сұрақтар қою, жаңа
білімді меңгеру, жаратылыстану құбылыстарын түсіну және ғылыми мәселелерге қатысты
ғылыми дәлелдемелерге негізделген қорытындыларды тұжырымдау арқылы білімді
меңгеріп, пайдалану қабілеті. Білім алушының математикалық сауаттылықтың әлемдегі
рөлін түсінуге негізделген пайымдаулар жасауға және сындарлы, белсенді және
рефлексивті азаматтар қабылдау керек шешімдер қабылдауға көмектеседі, инновациялық
және тиімді шешімдерге қол жеткізуі көрсетіледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи