Қатарлар теориясының элементтерін оқытуда оқушылардың жобалық жұмыстарын ұйымдастыру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

оқыту,қатарлар теориясы, жобалық жұмыстарды ұйымдастыру, әдістеме, математика мұғалімдерін даярлау.

Аңдатпа

Бұл мақалада орта мектепте қатарлар теориясының элементтерін оқытуда оқушылардың
жобалық жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктері қарастырылған. Орта мектепте
математика пәнін оқытуда оқушылардың жобалау жұмыстарының мазмұны мен оны орындаудағы
әдістемелік нұсқаулықтар келтірілген. Оқушылардың жобалау жұмыстарының түрлері, тапсырмалары мен
оларды орындаудағы кезеңдер ерекшеленіп көрсетілген. Жобалау әдісімен қатарлар теориясының элементтерін
оқыту заманауи кредиттік оқу жүйесінің талабына сай, қазіргі заман тұрғысынан қойылып отырған
міндеттерге жауап бере алатын оқыту жүйесі. Мақалада «жоба әдісі», «жобалау әдісі», «сабақта жобалау
әдісін қолдану» ,жобалап оқыту технологиялары ұғымдарының өзіне тән ерекшеліктері
айқындалған.Арифметикалық прогрессия қосындысын табуда шектерді пайдалануға тиісті мысалдар арқылы
жобалау әдісін қолдану жолдары көрсетілген. Жобалау әдісін пайдалану оқушыларды проблемалық жағдайға
дұшар ететін арнайы жобалық жұмыстарды (тапсырмаларды) құрастыру ерекшеліктері мен ситуациядан
шығу мүмкіндіктері, оқушыларды ізденуге, зерттеу жүргізуге талпындыратын әртүрлі әдістердің
жиынтығын қамтиды. Оқу бағдарламасында жобалық жұмыс жүргізе отырып, оқушылардың қабілетін
дамытуға көңіл бөлінеді. Сонымен қатар жобалық оқыту тек дайындық процесін ғана емес, сонымен қатар
оқушылардың жұмысының соңғы нәтижесін де бағалауға мүмкіндік береді. Бұл мақалада оқушылардың
жобалау-зерттеу іс әрекеттерін қалыптастыратын жобалық жұмыстар тапсырмалары келтірілген. 

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи