Мәдени мұра интеграциясы және қазіргі заманғы көркемдік білім

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

мәдени мұра, заманауи көркемдік білім, мұражай, бейнелеу өнері, интеграция.

Аңдатпа

Бұл мақалада көркемдік білім берудің мәдени мұраны сақтау мен
насихаттаудағы рөліне қатысты өзекті мәселелер қарастырылады. Демек, мақалада түп
соңында мәдени мекемелердің белсенді жұмыстары нәтижесінде және білім беру жүйесі
аясында жүзеге асырылатын интеграция жолдары қарастырылады. Мәдени сауаттылыққа
тәрбиелеу дүниежүзілік және ұлттық мәдени тарихи құндылықтарды зерделеу контекстінде
өзін одан әрі білімді, жан-жақты дамыған тұлға ретінде көрсетуге алғышарттар жасайды.
Ұлттық мәдениеттің көптеген аспектілерінің жаңғыруының заманауи жағдайында қазіргі
жастарды адамгершілікке және патриоттыққа тәрбиелеуге ықпал ететін халықтың тарихы
мен мәдениеті туралы көзқарастарды қайта қарау үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады. Бұл
үдерісте материалдық және рухани мұра жәдігерлеріне назар аударатын мұражайлардың
алатын орны ерекше болуы керек. ҚазҰПУ хабаршысы. Абай, "көркемдік білім: өнер - теория -
әдістеме" сериясы, № 3 (68), 2021 ж. 33 Мұражайлар өзінің бірегейлігіне байланысты барлық
ұлттық мәдени қазыналардың жинақтаушысы болып табылады. Сондықтан бұл мақалада
көркемдік білім берудің маңызды бөлігі ретінде мұражай педагогикасы аясында ұлттық мұра
мен мәдени ерекшеліктерді тереңдетіп зерттеудің кешенді мүмкіндіктері қарастырылады. 

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи