«Дизайн-ойлау» әдісі арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауын жетілдіру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

әдіс, дизайн ойлау, шығармашылдық, жаңашылдық, топтық жұмыс.

Аңдатпа

Ғылым мен білім беру саласындағы өзерістер оқу үрдерісіне жаңа көзқараспен қарауды талап етуде. Білім берудегі тың жаңалықтарды сабақ үрдісіне енгізу мұғалімнен көп ізденісті қажет етеді. Оқушының білім сапасын жетілдіруге ыпал ететін ұтымды әдіс-тәсілдерді іріктеп қолдану да мұғалімнің тәжірибесіне, шығармашылығына байланысты. Соңғы жылдары оқушының өзіндік ойлау қабілетін, ізденісін дамытуға әсер ететін ұтымды әдістердің бірі – дизайн-ойлау. Бір қарағанда, тек дизайнерлерге қатысты болып көрінетін аталған әдіс өзіндік ерекшелігімен құнды. Аталған әдіс барлық салада қолдануға болатынымен ерекше. «Дизайн-ойлау» әдісінің басты мақсаты  қоғамдағы түйткілді мәселелерді инновациялық және креативті тәсілдерді қолдана отырып анықтау және оны өмірде шешудің жолдарын ұсынып, ашылған жаңалықты қолдана білуге үйрету. Аталған әдіс білім беру мен ғылым саласына енгелі оның оқушылардың белсенді іс-әрекеті мен позитивті ойлануына, мәселені сыни тұрғысында бағалауды үйренуіне, шығармашылық дағдысын күшейтуге көмектесетіні дәлелденіп отыр. Мақалада дизайн-ойлау әдісінің шығу тарихы, өзіне тәр ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері сөз болады. Дизайн-ойлау әдісінің кезеңдері туралы айтылады. Аталған әдістің оқушының қабілетін дамытуға ықпал ететіні сөз болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи