Мектеп математика курсында Maple пакетін қолданудың ерекшеліктері

Авторлар

Кілт сөздер:

Maple пакеті, математика, компьютерлік алгебра жүйелері, символикалық математика, компьютерлік технология

Аңдатпа

Бұл мақалада мектеп математика курсында Maple пакетін қолдану
ерекшеліктері қарастырылған. Мектеп математика курсы негізгі математикалық
түсініктер, идеялар мен принциптерден тұрады. Курс мазмұнының ғылыми сипаты мен
зерттелген тақырыптардың абстрактілі сипаты бұл курсты сыныпта оқудың өзінде
қиын етеді. Коронавирустық пандемияға қатысты қазіргі жағдай күндізгі оқытуды
мүлдем жойып, қашықтықтан білім беруді өзекті етті. Оқушылардың өзіндік
жұмысының үлесі күрт өсті. Бұл өте күрделі материалды оқып түсінуге кері ықпал
етеді. Осыған байланысты Maple пакетін компьютерлік технология әдістемесі ретінде
таңдау және оның мектеп математикасы курстарында оқушылардың өзіндік жұмысын
ұйымдастырудың технологиялық мүмкіндіктері қарастырылып негізделген. Мақала
авторлары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті негізінде
мектеп математикасы курсы үшін Maple пакетін қолданып оқыту технологиясын
әзірледі. Бұл оқыту әдістемесі мектеп математикасы курсын оқуда оқушылардың
өзіндік жұмысын ұйымдастыруға бағытталған. Мектеп математика курсының кей
есептерін Maple пакетін қолданып шығару мысал ретінде көрсетілген. Мектепте
математика курсын оқыту міндеттерінің ерекшеліктерін ескере отырып, Maple
пакетінің көмегімен оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру технологияларының
мүмкіндіктері мен артықшылықтары жан-жақты қарастырылған. 

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи