ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕМЕСІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

Қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесі, инновациялық әдістер, функционалдық сауаттылық, пәнаралық байланыс, жаңартылған білім беру.

Аңдатпа

Мақалада жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қазақ тілі пәнін
интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданып ұйымдастырудың тиімді әдістемесі
қарастырылады. Мақсаты қазақ тілі пәнін жоспарлауда білім алушылардың жас
ерекшеліктерін ескере отырып инновациялық технологияларды сабаққа еңгізуге
көмектесетін жаңашыл әдістерді ұсыну. Қазақ тілі пәнін заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана
отырып оқытудың көптеген жолдары бар. Әдіс «жол» дегенді білдіреді. Ол догматикалық,
иллюстративті, эвристикалық болуы мүмкін. Қазақ тілі сабақтарында дамытушы ойындар
зейінді шоғырландыру, есте сақтау, дұрыс сөйлеу, теңестіру дағдысы, салыстыру,
сәйкестендіру, ұқсастығын анықтау, қиялдай алу, шығармашылық таныта білу, талдау,
дұрыс шешім қабылдау дағдысы, оқу үдерісін мотивациялауды дамытуға бағытталады.
Білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу үдерісі тиімдірек болуы үшін ғұламаларымыздың
ой-пікірлері мен даналық сөздерін, көзқарастарын пайдалана отырып, инновациялықақпараттық технологияларды қолдану керек. Бағалауда қолдануға тиімді интенсивтіинтербелсенді әдістерден бірі «Assesment» әдісі. Бұл әдіс бағалау әдісінің ішінде тиімді
әдіс ретінде қолданылады. Бұл әдісті сабақтың түрлі кезеңдерінде қолдануға болады. Білім
беру үдерісінде функционалды сауатты тұлғаны қалыптастыруда пәнаралық
интеграцияның маңызы зор. Әдіс-тәсілдер түрлендіре отырып қолдану арқылы да білім
алушыларды сыни тұрғыдан ойлай алатын, білімдерін өмірмен байланыстыратын тұлға
етіп тәрбиелеуге болады. Сондықтан мұғалім әрбір әдіс-тәсілді таңдағанда оқушылардың
жас ерекшеліктерін, қызғушылықтарын, білім деңгейін ескерген жөн.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи