Веб-сайттарды пайдалана отырып, болашақ тіл мамандарының тілдік құзыреттілігін қалыптастыру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

веб-сайт, ғаламтор, өзара әрекеттесу, ақпараттықкоммуникациялық технологиялар, шетел тілінде білім беу

Аңдатпа

Бұл мақала болашақ шет тілі мамандарына ағылшын тілін оқыту
үдерісінде тыңдалым және айтылым дағдыларын үйрету барысында веб-сайтты қолдану
мәселесіне арналған.Мақалада шет тілін оқыту барысында тілдік құзыреттілікті дамыту
үшін веб-сайтты қолданудың артықшылықтары сипатталған. Ынтымақтастық
элементтерін пайдалана отырып оқыту, жобалау тәсілдері, қазіргі заманғы ақпараттық
технологияларды, интернет - ресурстарды енгізу сияқты қазіргі заманғы педагогикалық
технологиялар оқытудағы жеке тұлғаға бағытталған тәсілді іске асыруға көмектеседі,
балалардың мүмкіндіктерін, олардың оқыту деңгейін ескере отырып, оқытуды
дараландыруды және саралауды қамтамасыз етеді.Бұл мақалада тілдік құзыреттілік,
оқушылардың ақпараттық құзыреттілігі, блог-ресурстарды пайдаланудың тиімділігі
туралы толық ақпарат берілген. Бұл мақала студенттердің тілдік құзыреттілігін
қалыптастыруда блогтарды пайдалануды зерттеуге арналған. Осы мақаланың мақсаты шет
тілдік құзыреттілікті қалыптастыруда блог-ресурстарды пайдаланудың тиімділігін ұсыну
болып табылады. Интернет қазіргі заманғы шетелдік білім берудің ажырамас бөлігі
болғандықтан, веб-сайтты пайдалану қазіргі ағылшын тілінің мұғаліміне қойылатын
талаптардың бірі болып табылады. Соңғы жылдары танымал болған веб-сайттар білім
беру саласында кеңінен қолданыла бастады.Сонымен қатар, веб-сайт болашақ
мамандардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуда таптырмас ресурс болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи